Кезінде елден кеткен немістер Қазақстанға қайтадан қоныс аудару үшін виза алып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кезінде елден кеткен немістер Қазақстанға қайтадан қоныс аудару үшін виза алып жатыр

Кезінде елден кеткен немістер Қазақстанға қайтадан қоныс аудару үшін виза алып жатыр

Қазақстан үшін Германия Еуропадағы маңызды елдердің бірі. Бүгінде екі мемлекеттің арасында түрлі салаларда ынтымақтастық байланыстар нығайып отыр. Жақын арада ГФР Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің Астанаға ресми сапары өтеді деп күтілуде.

  • 11 Шiлде 2017
  • 302
Фото - Caravan.kz

Осы орайда ҚазАқпарат Германиямен арадағы қарым-қатынастарымыз жайында егжей-тегжейлі мәлімет алу үшін Қазақстан Республикасының ГФР-дегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіповтен сұхбат алыпты. Содан шағын үзінді жариялап отырмыз.

— Өткен ғасырдың соңында Қазақстаннан Германияға этникалық немістер жаппай қоныс аударды. Ел ішінде солардың көбісі кейін қазақ жеріне қайтып оралып жатыр деген сөздер жиі айтылады. Бұл жайында статистикалық мәліметтермен бөліссеңіз?  

— Қазақстанда тұратын неміс ұлтының өкілдері мен Германияға көшіп келген біздің бұрынғы отандастарымыз Қазақстан-Германия қарым-қатынастарының табысты дамуының маңызды факторы болып табылады. Өздеріңіз білетіндей,  неміс диаспорасы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында бар, олардың көпшілігі жоғары мемлекеттік лауазымдарда қызмет атқарып келеді, белсенді түрде экономикаға және біздің еліміздің дамуы мен гүлденуіне лайықты үлес қосып отыр. Біздің кейбір жерлестеріміз Германияда әлеуметтік, саяси жетістіктерге қол жеткізді. Мысалы кейіннен қоныс аударғандардың арасынан Қазақстанда туған Генрих Цертик Бундестаг депутаты болды. Неміс экономикасы және мәдениет саласында басқа да жақсы мысалдар бар.

ГФР ІІМ мәліметіне сәйкес, Қазақстаннан Германияға қоныс аударып, осы жерде тұрып жатқан этникалық немістердің саны 1 миллионға жуық. Солардың арасынан Қазақстанға қайтып оралуға ниет білдіргендер бұрыннан бар екендігін атап кеткен жөн. Мысалға, тек осы жылдың басынан 80-нен астам неміс азаматтарына Қазақстанға тұрақты тұруға виза берілді.


 

Соңғы жаңалықтар