Хакерлер Американың 20 мың қауіпсіздік қызметкерінің мәліметтерін жария етті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хакерлер Американың 20 мың қауіпсіздік қызметкерінің мәліметтерін жария етті

Хакерлер Американың 20 мың қауіпсіздік қызметкерінің мәліметтерін жария етті

Туиттерде DotGovs атауымен белгілі хакерлер тобы Американың Федеральдық тергеу бюросының 20 мың қызметкерінің байланыс деректерін жариялады, деп хабарлайды CNN.

  • 9 Ақпан 2016
  • 290
Фото - Caravan.kz

Таяуда хакерлер АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік министрлігінің 10 мың қызметкерінің жеке мәліметтерін жариялаған. Олардың айтуына қарағанда бұл мәліметтер министрліктің дерек қорын бұзу арқылы алынған.

Жарияланған құжаттарда қауіпсіздік қызметкерлерінің аты, лауазымы, электрондық поштасы мен байланыс нөмірлері келтірілген.

«Министрлік қазір байланыс ақпараттар сақталған жүйеге санкциясыз кіру оқиғасын тексеруде», — деп мәлімдеді ведомствоның  ресми өкілі Питер Карр.