Халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен бетпе-бет келді - Қасым-Жомарт Тоқаев - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен бетпе-бет келді - Қасым-Жомарт Тоқаев

Халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен бетпе-бет келді - Қасым-Жомарт Тоқаев

Береке-бірлігімізді сақтамасақ, жетістіктеріміздің бәрінен айрылып қалуымыз мүмкін.

  • 16 Наурыз 2022
  • 63
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

«Халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен бетпе-бет келді. Мемлекетіміздің тұтастығына және егемендігімізге зор қауіп төнді. Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді. Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық Уақыты және батыл шешім қабылдап, лаңкестерге тойтарыс бердік. Мен қашанда бәрін ашық айтып жүрмін. Індет кезінде қалыптасқан ахуал жөнінде жұртшылыққа үнемі ақпарат беріп отырдым», — деді қасым-Жомарт Тоқаев.