Жарияланды: 570

"Халық банкінің" Ақтөбелік филиалының қызметкерлері 12 млн астам теңгені ұрлады деген күдік бар

Ақтөбе. 6 қараша. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстан Халық банкінің" Ақтөбе облыстық филиалының Темір аудандық бөлімінің қызметкерлері 12 млн астам теңгені ұрлады деген күдік бар. Бұл туралы агенттік тілшісіне ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің облыстық депатаменті хабарлады.

Департаменттің баспасөз хатшысы Әнуар Добрашевтің хабарлауынша, 2006 - 2008 жылдар аралығында банк қызметкерлері қолдан жасалған жалған шығын ордерлері бойынша кәсіпорын жетекшілері мен жеке кәсіпкерлерге аудандық филиалдың кассасынан ірі көлемде қолма-қол ақша беріп, заңсыз операциялар жүргізіп келген. "Кеміп қалған ақша көлемін филиалдың бірнеше ондаған клиентінің ағымдағы шоттарынан олардың қолдарын жалған қою арқылы ұрлаған ақшамен жауып отырған", - деді Ә. Добрашев. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін