Ты кто такой? Төреғали Төреәлінің концертінен тағы бір видео жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ты кто такой? Төреғали Төреәлінің концертінен тағы бір видео жарияланды

Ты кто такой? Төреғали Төреәлінің концертінен тағы бір видео жарияланды

Әншінің сахнада дөрекі сөйлегені тыңдарман қауымның наразылығын туғызды.

  • 25 Желтоқсан 2017
  • 2113
Фото - Caravan.kz

Эстрада әншісі Төреғали Төреәлінің Павлодарда өткен атышулы концертінен тағы бір видео жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Инстаграмдағы dubsmash_kaz парақшасында жарияланған видеоны залдағы көрермендердің бірі түсірген. Бейнежазбадан әншінің кішкентай қызбен суретке түсіп жатқанын аңғаруға болады. Осыдан кейін Төреғали концертіне жиналған тыңдармандарынан кешірім сұрайды. 

Осы сәтте балкон жақтан бір ер адамның сахнадағы әншіге айғайлап, "Ты позоришь Кызылорду" дегені естіледі. Ер адамның сөздері ашуына тиіп кеткен болуы керек, Төреғали "Ты кто такой? Давай, до свидания" деп оны залдан шығаруды бұйырған. 

Әншінің сахнада дөрекі сөйлегені тыңдарман қауымның наразылығын туғызды. Қазнетте Төреғалидің концертінде түсірілген видео бірнеше күннен бері қызу талқыланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар