«Қазақстан өткен сайлау қорытындысы бойынша 2009 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуде үлкен мүмкіндікке ие»,- деді Қанат Саудабаев. «Электрондық науқанның нәтижесі, халықаралық бақылаушылардың берген жоғарғы бағасы бізге күмән туғызатын елдердің көзін жеткізу үшін өте маңызды дәлел болады және де қарашада Мадридте біздің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету ниетімізге қолдау табамыз деп ойлаймын»,- деп атап өтті ол.
«Менің пайымдауымша, бұл тек Қазақстанның мүддесі ғана емес, ұйымның да мүддесіне сай, ұйым өз шешімімен барлық ұйымның тең екендігін және елдерді Батыс немесе Шығыс елі екенін ескеріп бөле-жарудың тоқтатылатынын дәлелдер еді»,- деп санайды қазақстандық саясаткер.
Ол, «бүгінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының көптеген мүшелері Қазақстанның ұйымға төрағалық етуін қолдайды», деп атап өтті. «Сонымен қатар Қазақстанның демократиялық ахуалына қанағаттанбайтын бірнеше ел де бар. Бірақ біз түсіністікке үміт артып, батыстық серіктестіктерімізден қолдау табамыз деп үміттенуге құқылымыз»,- деп қосты ол.