«Халықтың үстіндегі боққарындардан қажыдық»: Астанада жерлестерін қамауға алғанын естіген мыңдаған жаңаөзендіктер жаппай ереуілге шықты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Халықтың үстіндегі боққарындардан қажыдық»: Астанада жерлестерін қамауға алғанын естіген мыңдаған жаңаөзендіктер жаппай ереуілге шықты (ВИДЕО)

«Халықтың үстіндегі боққарындардан қажыдық»: Астанада жерлестерін қамауға алғанын естіген мыңдаған жаңаөзендіктер жаппай ереуілге шықты (ВИДЕО)

 

  • 12 Сәуiр 2023
  • 179
Фото - Caravan.kz

Кеше түнде әлеуметтік желіде мыңдаған жаңаөзендіктердің орталық алаңға жиналып, елорда қамауға алынған жерлестерін шығаруды талап еткені жайлы ақпарат тарады, деп хабарлайды Caravan.kz.

Желіде аталмыш видеомен белгілі журналист Ирина Советжанқызы бөлісті. Ол онда: «Жаңаөзеннің орталық алаңындағы дәл қазіргі көрініс. 2000-ға жуық адам жиналған. Олар, Астанада қамауға алынған жаңаөзендіктерді босатуды талап етуде», — деп жазды.

Желі қолданушылары жаңаөзендіктерді қолдап жаппай қолдау көрсеткен.

«Халықтың үстіндегі боққарындардан қажыдық, бәрі шетінен жемқор, бәріне керегі тек ақша», «Қазағым байқаңдар, елдің тыныштығын бұзбаңдар», «Халықты несіне қамауға аласыздар енді? Ашынып тұрған халықты одан сайын ашындырып? Тыныш қана мәселені шешуге болмады ма?» деп жазды олар.

Айта кетерлігі аталған оқиғаға қатысты Маңғыстау облысы әкімі де ресми пікір білдірді. Ол жағдайды деструктивті бағыттағы адамдардың пайдаланып кетпеуіне жол бермей, адамдарды сабырлы болуға шақырды.