Хазірет Бердіхан республикалық ақындар айтысында топ жарды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хазірет Бердіхан республикалық ақындар айтысында топ жарды

Хазірет Бердіхан республикалық ақындар айтысында топ жарды

Республикалық, халықаралық ақындар айтысында алматылық Хазірет Бердіхан топ жарды. Ал Павлодар облысының намысын көтеріп жүрген баянауылдық Аспанбек Шұғатаев кезекті жүлдесіне қол жеткізді.

  • 7 Тамыз 2017
  • 361
Фото - Caravan.kz

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылында өткен сөз додасы қазақтың көрнекті айтыскер ақыны, шежіреші, журналист Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдығына арналды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Аспанбек бірінші айналымда астаналық Еркебұлан Қайназаровпен айтысты. Екеуі де жоғары ұпай жинады. Екінші айналымға сегіз ақын жолдама алды. Павлодарлық ақын өз кезегінде алматылық Хазірет Бердіханмен жолықты. Қазылар мен халықтың көңілінен шыққан бұл жұп бас жүлде мен бірінші орынды өзара бөлісті», — деді «Айтыс ақындары мен жыршы — термешілердің Халықаралық одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қызметкері Шұғайып Сезімхан.

Алты сағатқа созылған аламан бәйгенің бас жүлдесін алған алматылық Хазірет Бердіханның жүлдесі 1,5 миллион теңгені құрады. Ал, бірінші орын алған Аспанбек Шұғатаев бір миллион теңгені қанжығасына байлады. Астаналық ақын Серікзат Дүйсенғазин екінші орын мен 800 мың теңгені иеленді. Ал, семейлік Əсем Ережеқызы мен астаналық Еркебұлан Қайназарға үшінші орын мен 350 мың теңгеден бұйырды.

Айта кетейік, Жүрсін Ерман жүргізген айтысқа Павлодар облысынан екі ақын қатысқан болатын. Оның бірі азулы Аспанбек Шұғатаев болса, екіншісі жас айтыскер ақын — Нұрғанат Қайрат.


Айтыстың қортындысы бойынша Нұрғанат Ринат Зайытов, Фархад Маратұлы, Шұғайып Сезімхан, Айтбек Тұрсынбаев, Серік Қалиев, Дидар Қамиев сынды ақындармен қатар ынталандыру сыйлығымен марапатталды.  

 

Соңғы жаңалықтар