ХОК Ресейді тағы да Олимпиада медальдарынан айырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ХОК Ресейді тағы да Олимпиада медальдарынан айырды

ХОК Ресейді тағы да Олимпиада медальдарынан айырды

Халықаралық олимпиада комитеті допинг сынамаларды қайта тексеру негізінде ресейлік жеңіл атлетика құрамасының екі қатысушысынан Бейжіңде өткен 2008 жылғы Олимпиаданың медальдарын алып қою шешімін шығарды.

  • 14 Қыркүйек 2016
  • 327
Фото - Caravan.kz


Найза лақтырушы Мария Абакумова алтыннан, жүйрік Денис Алексеев 4×400 м эстафетасында олжалаған қола медалінен айырылды.

Спортшылар WADA тыйым салған стероид туринабол қабылдаған, деп хабарлады The Associated Press.

ХОК стероид қабылдады деп күдік тағылған екі ресейлікті жарысқа қатысу құқығынан айырды: Лондонда 2012 жылғы Олимпиадасының қатысушысы — велошабандоз Екатерины Гниденко мен Бейжіңде алтыншы нәтиже көрсеткен жеңіл атлетші Инга Абитова.

Соңғы жаңалықтар