Хорватия азаматы Қазақстан арқылы есірткі заттарын тасымалдаған - kaz.caravan.kz
  • $ 516.93
  • 542.52
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хорватия азаматы Қазақстан арқылы есірткі заттарын тасымалдаған

Хорватия азаматы Қазақстан арқылы есірткі заттарын тасымалдаған

Көлік полицейлері ҚР ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, Қазақстан арқылы есірткі заттарын тасымалдаған Хорватия азаматын анықтаған.

  • 22 Қыркүйек 2023
  • 23
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның көлік полицейлері ҚР ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, Алматы – Ташкент бағытындағы жолаушылар пойызын патрульдеу кезінде қызметтік-іздестіру иті пойыз жолаушыларының біріне белгі берген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті Хорватия Республикасының 61 жастағы азаматы болып шықты. Ұсталған азаматқа жеке тінту жүргізу кезінде марихуана және гашиш есірткі заттары табылып, тәркіленген.

Шетелдік есірткі заттарын сатып алғанын және оны жеке пайдалануы үшін сақтағанын түсіндірген.

"Аталған факті бойынша шетел азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабының 1-бөлігі (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Өзге ақпараттар ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жария етілуге жатпайды", – деді полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев.