Хромтаулық волейболшы жігіттер Ұлттық лиганың көшбасшысынан 2 ұпай олжалады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.52
  • 553.75
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хромтаулық волейболшы жігіттер Ұлттық лиганың көшбасшысынан 2 ұпай олжалады

Хромтаулық волейболшы жігіттер Ұлттық лиганың көшбасшысынан 2 ұпай олжалады

Волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында Оралда өтіп жатқан ХХ Қазақстан чемпионатының 4-турында кеше алматылықтар алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты.

  • 9 Ақпан 2012
  • 466
Фото - Caravan.kz

Олар Хромтаудың «ТНК Қазхром» командасына 2:3 есебімен есе жіберіп, жалғыз ұпайды қанағат тұтуға мәжбүр болды. Алғашқы 3 турдың қорытындысы бойынша турнир кестесінде көш соңында келе жатқан қызылжарлықтар («Есіл») үздік үшінші орында келе жатқан Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» командасын 3:1 есебімен ұтып 3 ұпай олжалады.

Ал төртінші орындағы атыраулықтар да өздерін өкшелеп келе жатқан Оралдың «Конденсатына» 2 ұпай жіберіп алды. 7 ақпандағы бірінші кездесуде «Алматы» жарыс қожайындарын, «ТНК «Қазхром» «Есілді» 3:1 есебімен ұтып 3 ұпайдан еншілеген еді.

«Атырау» мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» командаларының ойыны 2:3 боп аяқталып, өскемендіктер 2 ұпайды қанағат тұтқан. Қазір ұпай қоры алматылықтарда — 44, хромтаулықтарда — 38, өскемендіктерде — 26, атыраулықтарда — 20, қызылжарлықтар — 13, оралдықтарда — 11.

Алғашқы 2 күннің қорытындысы бойынша өткен 3 турдың нәтижесіне қызылжарлықтар ғана өзгеріс енгізіп, оралдықтардан 2 ұпайға ұзап шықты. Өзге 4 команда турнир кестесіндегі өз орнын сақтауда.