Жарылыс салдарынан жарақат алған полицейлердің саны 100-ден асады. Қазір төртеуі ауыр хәлде, ал біреуі қаза тапқан. Дегенмен, ашынған топ мұнымен тоқтаған жоқ. Полиция қызметкерлеріне құты мен тас лақтыруын тоқтатар емес. Салдарынан, парламент ғимаратының алды қара түтінге оранған. Ал жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккендерге көмектесіп үлгермей жатыр. Айта кетейік, Украина Жоғарғы Радасы Конституцияға елді орталықтандыруға қарсы өзгертулер енгізген болатын. Халықтың дүрлігуі содан туындаған.