Осы орайда, Ұлттық академиялық кітапхананың бұрынғы директоры Үмітхан Мұңалбаева Halyq Uniyoutube арнасына берген сұхбатында қамаудағы экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлымен араластығы туралы айтып берді.
Арыстанбек Мұхамедиұлы министр болып тұрған тұста Ұлттық академиялық кітапхананың бұрынғы директорының онымен жақын қарым-қатынаста болғандығы жиі айтылатын. 64 жастағы зейнеткер Үмітхан Мұңалбаева қамаудағы экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына тамақ апаруға барғысы келгенін, бірақ жүздесуге рұқсат ала алмағанын айтады.
Жақтаймын, қазіргі күнге дейін жақтаймын. Оразада өтірік айтуға болмайды. Ешқандай жақындығым жоқ. Бүгінде Арекең деп айтуға болмайды. Түрмеде қиналып жатқанына 9-10 ай болды ғой. Меніңше, осындай бір сұрақты түрме арқылы шешпей, басқадай бір жолдары бар сияқты. Ұжым, жолдастары дегендей, Арекеңнің іскерлігін барлығы айтады. Министрлердің көбімен жұмыс істедім. Абаевты құрметтеймін, білімді, парасатты кісі. Арыстанбек Мұхамедиұлын құрметтеймін. Өз айыбын өзі тартар. Бірақ кәсібилігі туралы айтар болсақ, Арыстанбек – мәдениеттің майталманы. Ол кісімен туысқаныдығым жоқ. Өтірік айтып не қылайын. Мұхамедиұылының кабинетіне кірмеген адаммын. Сіз сұраңыз, бірақ кітапханаға келгенде бір ауыз сөз айтып қалуға тырысатынмын, – деді ол Halyq Uni тілшісіне берген сұқбатында.