Жарияланды: 480

К.Мәсімов: ел ішінде газ бағасының көтерілуі міндетті түрде болады

ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсіов ел ішінде газ бағасының көтерілуі мідетті түрде болады, деп есептейді.

«Жалпы газ саясаты мен газ бағасының қандай болатынын қарауымыз керек. Қазір ел ішіндегі газ бағасы нарықтағыдан айтарлықтай төмен болғандықтан, біз көптеген есептеулер жүргізіп, талқылаулар өткізіп жатырмыз», - деді ол дүйсенбі күні парламенттің бірлескен отырысы барысында депутаттар сауалына жауап беріп. «Сондықтан ел ішіндегі газ бағасының көтерілуі міндетті түрде болатын үдеріс», - деді ол. Сол себепті, деді премьер, қазір «ішкі нарықтағы газ бағасының қымбаттауын әлеуметтік осал топтың алдындағы әлеуметтік міндеттермен салыстырып көру керек».

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін