Көкшетау маңында Тәжікстан азаматтары мінген минивэн мен КамАЗ соқтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетау маңында Тәжікстан азаматтары мінген минивэн мен КамАЗ соқтығысты

Көкшетау маңында Тәжікстан азаматтары мінген минивэн мен КамАЗ соқтығысты

Ресейден үйлеріне қайтып бара жатқан Тәжікстан азаматтары Көкшетауға жақын жерде жол апатына ұшырады

  • 11 Қыркүйек 2017
  • 216
Фото - Caravan.kz

Тәжікстан азаматтарын әкеле жатқан автобус Ақмола облысында тас жолда апатқа ұшырады, деп хабарлады ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Жол апаты дүйсенбі 11 қыркүйекте Көкшетау-Петропавл та жолында болған.

Mercedes Sprinter микроавтобусы көліктен оза берем дегенде, солға бұрылып бара жатқан КамАЗ-ға соғылды. Жол апаты салдарынан шағын автобустың жүргізушісі мен жолаушылары зардап шекті.

Mercedes Sprinter ішінде Ресейден Тәжікстан Республикасына қайтып бара жатқан Тәжікстан азаматтары болған. КамАЗ рөлінде 1969 жылы туған Көкшетау тұрғыны болыпты.


Ақмола облыстық ауруханасына минивэннің бес жолаушысы жатқызылды.

 

Соңғы жаңалықтар