Жарияланды: 400

Көкшетауда 45 жастағы ер 5 қабаттан құлап мертікті

Көкшетауда 45 жастағы ер 5 қабаттан құлап мертікті

Көкшетауда 45 жастағы ер 5 қабаттан құлап мертікті.

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Келеңсіз жағдай бүгін түнгі уақыт 03:35 минут шамасында Көкшетау қаласындағы Ақан сері көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйде орын алған.  Аталған үйдің 5-ші қабаттында тұратын 1970 жылғы ер адам пәтерінің есігін аша алмай құтқарушыларды шақырған. Алайда, ТЖД ӨБ-2 жеке құрамынан 5 адам және 1 арнайы техника келгенше үй иесі 5-ші қабаттан өз күшімен түспек болып құлап кеткен. Оқиға салдарынан ол түрлі дене жарақатын алып,  Ақмола облыстық ауруханасына жатқызылды», - деп көрсетілген хабарламада.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін