Көкшетауда бетон қабырға құлап, бір жұмысшы қаза тапты
Көкшетау қаласында солтүстік өндірістік аймағының аумағында дүйсенбі күні монтаждау жұмыстарын өткізу кезінде құрылыс темір-бетон құрастырмалары құлады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нен. Соның салдарынан «Кофар» ЖШС-нің 34 жастағы жұмысшысы плитаның астында қалды. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін