Көкшетауда бір күнде 2 бірдей автобус отқа оранды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда бір күнде 2 бірдей автобус отқа оранды

Көкшетауда бір күнде 2 бірдей автобус отқа оранды

Көкшетауда бір күннің ішінде екі бірдей автобус отқа оранды. Оның біреуі Ішкі істер департаментіне жақын маңда тұтанса, екіншісі қаладағы аялдаманың бірінде түгі қалмай жанып кетті. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

  • 16 Қазан 2013
  • 321
Фото - Caravan.kz

Бірінші тұтанған автобусты жақын маңдағы полиция құызметкерлері жабылып жүріп, сөндіріп алса, екіншісіне де өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем көліктерінің жетуі мұң болған. Себебі қызыл жалын тура кешқұрым, көлік кептелісі болатын мезгілде лап беріпті. Ал автобус жүргізушісі, көлік ішін қою түтін басқан кезде ғана тежегішті басыпты. Жолаушыға лық толы көліктен жан ұшыра сыртқа ұмтылған жұрт әйтеуір, зардап шекпеді. Ал өрттің күш алғаны сонша, автобустың қаңқасы да қалған жоқ. Қазір жұрттың жүрегін ұшырған апатты оқиғаның  себептері анықталып жатыр.


Оқиға куәгері:

Өрттің қатты болғаны сонша, 5 минутта автобусты орап алды. Екі рет тарс еткен дыбыс естілді. Бір нәрсе жарылғандай болды. Үйлерге жақын болғандықтан, барлық тұрғындар шошып тұрды.