Көкшетауда полиция миллион теңге ұрлаған ұрыны ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда полиция миллион теңге ұрлаған ұрыны ұстады

Көкшетауда полиция миллион теңге ұрлаған ұрыны ұстады

Көкшетауда ер адам дүкенде сатып алушылардың бірінің сөмкесін ұрлаған. Онда миллион теңге болған.

  • 11 Ақпан 2016
  • 270
Фото - Caravan.kz

Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, облыс орталығындағы дүкендердің бірінен сатып алушыдан ішінде миллион теңгеден астам ақша болған сөмкені ұрлағаны жайлы ақпаратты Көкшетау қалалық ІІБ-ге дүкен сатушысы мәлім еткен.

Аталған факт бойынша  патрульдік жасақтар хабардар етілді, ұрының және сөмкенің сыртқы бейнесі сипатталды.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде ЖБО бейнебақылау камералары арқылы полицейлер жаяу жүріп бара жатып, ақша санаған күдіктіні байқап қалды.


Ұры ақшаны жұмсап үлгермей, тәртіп сақшыларының қолына түсті.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 188 бабы 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.