Көкшетауда таксиді айдап әкетпек болған жолаушы өзге көлікке соғылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда таксиді айдап әкетпек болған жолаушы өзге көлікке соғылды

Көкшетауда таксиді айдап әкетпек болған жолаушы өзге көлікке соғылды

Көкшетауда такси көлігін айдап әкетпек болған 21 жастағы жігіт өзге көлікке соғылып, қолға түсті. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Ақпан 2016
  • 225
Фото - Caravan.kz

«Келеңсіз жағдай облыс орталығында 11 ақпанда түнгі уақыт 04:00 минут шамасында орын алды. Такси жүргізушісінің сыртқа шыққан сәтін пайдаланып, салонда мас күйде отырған 1995 жылғы жолаушы көлікті айдап әкетпек болған. Рөлге отырып орнынан қозғала берген сәтінде ол 10-15 метр жүріп барып өзге көлікті соқты. Алайда,  оқиға орнынан қашып ізін суытпақ оны полицейлер көп ұзатпай қол түсірді.

Қазіргі кезде,  күдікті кінәсі мойындап,  үстінен ҚР ҚК 200-бабының бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп көрсетілген хабарламада.