Жарияланды: 360

Көкшетауда жол апаты кезінде ресейлік үш азамат зардап шекті

Көкшетауда жол апаты салдарынан Ресейдің үш азаматы зардап шекті, оның бірі 10 жастағы бала.

Дүйсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жол апаты өткен жексенбіде болған. "БМВ" және "Ауди" көліктерінің соқтығысуы салдарынан "Аудиде" болған екі ересек адам мен бір бала елеулі жарақат алған, олар ауруханаға жатқызылды. "Зардап шеккендер түгелдей Ресей азаматтары, Санкт-Петербор тұрғындары ", деп атап өтті әңгімелесуші.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін