Көкшетаудың іргесінде аумағы 200 гектар жерді өрт жалмады
![]() |
Көкшетау қаласының іргесінде аумағы 200 гектар жер өртке оранды, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен. |
«Өрт тамыздың 17-і күні сағат 16:47 минут шамасында облыс орталығының іргесіндегі Станционный кентінің маңында ашық аумақтағы құрғақ шөп пен орман алабында орын алған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД «ӨБ және АҚЖ» ММ-нің жеке құрамынан 47 адам және 5 техника, «Бұқпа» орман шаруашылығынан 20 адам және 9 техника, Станционный және Алексеевка ауылынан барлығы 25 тұрғын жұмылдырылды.
Сол күні осы маңдағы Қызылтан ауылының тұсында да 20 гектар жердегі өрт ауыздықталды», - деп көрсетілген хабарламада
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін