«Көктем шуағы» атты кездесуде Елбасы Ана туралы әсерлі әңгіме айтып берді - ВИДЕО - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Көктем шуағы» атты кездесуде Елбасы Ана туралы әсерлі әңгіме айтып берді - ВИДЕО

«Көктем шуағы» атты кездесуде Елбасы Ана туралы әсерлі әңгіме айтып берді - ВИДЕО

Еске салайық, кездесуге Мемлекеттік хатшы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Г.Әбдіқалықова, Парламент Сенатының депутаты Б.Әйтімова, Экономикалық интеграция мини?

  • 4 Наурыз 2016
  • 540
Фото - Caravan.kz

«Жастық шақта бәрінің басынан өтетін секілді, бір жас жігіт қызға қатты ғашық болады. Мұндай кезде Құдай махаббат атты ерекше «сезімді» жіберіп, жігіттер айналадағының бәрін ұмытатыны белгілі. Әлгі қыз көркіне көз тоймайтын өте сұлу болғанымен, талап қойғыш екен. Тіпті: «Егер сен мені шын сүйсең, маған анаңның жүрегін әкел, сонда ғана мен саған сенемін» депті. Ал жігіт: «Бұл қалай? Ол  мүмкін емес қой?!» — деп таңданады. Осылайша, қайғы жұтып, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылады. Әрине, мұның бәрін байқаған анасы бір күні: «Саған не болды, құлыным?» деп сұрайды. Ол анасына бәрін айтып берген екен. Анасы: «Мұншалықты қатыгез қызға қалайша тап болып жүрсің? Енді өмірің не болады?» — деп налиды. Алайда жігітке анасының бұл сөзі тіпті де әсер етпейді. Сонда анасы өзінің баласы үшін кеудесінен жүрегін суырып берген екен. Ол лүпілдеген ана жүрегін алақанына салысымен, ғашығына қарай ұша жөнеледі. Жүгіріп бара жатып аяғы шалынып құлайды. Сол кезде ана жүрегіне тіл бітіп: «Қатты құладың ау, құлыным! Еш жерің ауырмады ма?» — дейді. Осылай дейді де, жүрек те өз соғысын тоқтатады екен. Бұған қатты қапаланған жігіт қайтадан кері жүгіре жөнеледі. Ол сол келген бойда ана жүрегін өз орнына қайта салады. Анасының балаға, баланың анаға деген махаббатының құдыреттілігі соншалықты, жүрек қайта соғысын бастап, анасы тірілген екен. Осылайша жігіт өмірдегі ең қымбаты  өзі үшін бәрін де қиюға дайын тұратын Анасының жүрегін жоғалтып ала жаздағанын түсінген екен», — деп әңгімеледі Президент.


Еске салайық, кездесуге Мемлекеттік хатшы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Г.Әбдіқалықова, Парламент Сенатының депутаты Б.Әйтімова, Экономикалық интеграция министрі Ж.Айтжанова, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры М.Егімбаева, шаруа қожалығының басшысы Т.Құшманова, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының  директоры Р.Боранбаева, «Қазақ оюлары» ЖШС директоры Т.Елекбаева, жиһаз фабрикасының басшысы Е.Левина, Қарағанды облысындағы «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатының директоры М.Нұрмағанбетова, «Қазақ қызы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қ.Әбден, әнші Т.Жанқұл, «Деловой мир Астана» ЖШС директоры, бас редакторы  Ш.Сыздықова, ақын А.Дәулетбаева, көпбалалы ана Ж.Байжолдинова, «Астана Опера» театрының солисі Ж.Ғабдуллина, «Астана Балет» театрының бас режиссері М.Абубахриева, биолог ғалым Д.Қанаева, ауылдық округ әкімі П.Оралбаева, «Отырар сазы» Мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің бас дирижері, актриса Д.Тілендиева, зымыранды артиллериялық кеме әскери бөлімінің радио байланысшысы Ж.Ыбыраева, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жөндеу-механика цехының темір кесушісі А.Кенесарина, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданындағы «Жастар бастамасы орталығының» басшысы Е.Данилова, ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген шебері Ж.Жаппарқұл, актриса Д.Бақтыбаева, студент Л.Митрохина қатысты.