Қоқыс полигонындағы медициналық қалдықтар: министрлік мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 490.21
  • 566.93
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қоқыс полигонындағы медициналық қалдықтар: министрлік мәлімдеме жасады

Қоқыс полигонындағы медициналық қалдықтар: министрлік мәлімдеме жасады

Қазір жалпы көлемі 144 килограмды құрайтын анықталған медициналық қалдықтарды жиналып, барлық материал тәркіленді

  • 10 Маусым
  • 4
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігі Батыс Қазақстан облысында медициналық қалдықтарды заңсыз төккен кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылатынын хабарлады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Бәйтерек ауданының Байқоныс ауылындағы қоқыс полигонынан медициналық қалдықтар табылғанының видеосы тарады. Қауіпті қоқыстың көмілген аумағы су айдынына жақын орналасқан.

Осы орайда министрлік осы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын ерекше бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.

«Заң бұзушылық фактісі анықталғаннан кейін бірден санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, құқық қорғау органдары және экологиялық бөлімшелердің қатысуымен кешенді тексеру іс-шаралары ұйымдастырылды. Жалпы көлемі 144 килограмды құрайтын анықталған медициналық қалдықтарды жиналып, барлық материал тәркіленіп, кәсіпорын аумағына орналастырылды және заттай дәлелдеме ретінде мөрленді», — деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар қоршаған ортаға және санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға ықтимал әсерін бағалау мақсатында мамандар топырақтан сынамалар алынды және оқиға орны мен оған іргелес аумақта толық көлемде дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

«Тексеру материалдары құқықтық баға беру үшін уәкілетті органдарға жіберілді. Тергеу қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады», — дейді министрлікте.

Зертханалық зерттеулердің алдын ала нәтижелері 3–7 күн ішінде белгілі болады деп күтіліп отыр.