Көлік инспекторы өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды
![]() |
Талдықорған қалалық соты Алматы облысының көліктік бақылау инспекциясының бас маманына 300 мың теңге айыппұл салды. |
Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, көлік инспекторы 6000 теңге көлемінде пара алған. Сот отырысы кезінде сотталушы өз кінәсін мойындады.
Сот үкімімен ол ҚР ҚК 366-бабы 2-бөліміне сәйкес айыпты деп танылды. Инспекторға 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, мүлкі тәркіленді. Сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін