Көлік ұрлағандар «Алматы-Өскемен» жолында ұсталды
![]() |
Алматы облысының ІІД-не Іле ауданының тұрғыны «Фольксваген» көлігін ұрлатып алғанын хабарлады. |
Полицейлер көлікті іздеу жұмысына бар күшін салды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
Көп ұзамай ұрының «Алматы-Өскемен» күре жолында кетіп бара жатқаны анықталды.
«Жол полицейлері көлікті Қапшағай қаласының маңында тоқтатты. Ішінде отырған үш ер адам ұсталып, Іле АІІБ-не жеткізілді», - деп нақтылады полицияда.
Қазіргі кезде көлік құралын заңсыз иелену фактісімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін