Көлік және коммуникация министрлігі концессия негізінде Астана-Қарағанды және Алматы -Ыстықкөл тас жолдары құрылысын жүзеге асыруға ниет білдірушілерді тапқан жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлік және коммуникация министрлігі концессия негізінде  Астана-Қарағанды және Алматы -Ыстықкөл тас жолдары құрылысын жүзеге асыруға ниет білдірушілерді  тапқан жоқ

Көлік және коммуникация министрлігі концессия негізінде Астана-Қарағанды және Алматы -Ыстықкөл тас жолдары құрылысын жүзеге асыруға ниет білдірушілерді тапқан жоқ

АСТАНА. 12- сәуір. Kazakhstan Today. Көлік және коммуникация министрлігі концессия негізінде Астана-Қарағанды және Алматы -Ыстықкөл тас жолдары құрылысының жобасын жүзеге асыруға ниет білдірушілерді тапқан жоқ . Бұл жөнінде кеше "Нұр Отан" партиясының парламенттегі фракциясының мәжілісінде көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 12 Сәуiр 2007
  • 507
Фото - Caravan.kz

«Алматы Ыстықкөл, Астана -Қарағанды сияқты тартымды жолдарға келсек, әлі күнге дейін осы жобаларды концессия негізінде қолға аламын деген жан жоқ»,-дейді С.Ахметов.

«Біздің пікірімізше, әзірге тас жолдардың құрылысына қатысты бірде бір жоба концессия негізінде өткен жоқ»,-деді ол.

Министрдің айтуынша, «жеті учаске бойынша жобаларды концессия негізінде жүзеге асыру жоспарланған-темір жол учаскелерінің құрылысы, темір жол учаскелеріне электр желілерін жүргізу және Ақтау халықаралық әуежайы бар». «Басқа жобалар концессия негізінде жіті сараптамадан өткізіледі»,-деп атап өтті министр.

Көлік министрі, 19 сәуірде «тәуелсіз сарапшылар тізімі анықталады, олар концессия негізінде жүзеге асырылатын жобалардың алдын-ала тізімін қарайтын болады, оның ішінде тас жолдар құрылысының жобалары да бар» деп мәлімдеді.