бірақ тұрақты деп отыр, дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Жан сақтау бөлімінде жатқан үш науқас аппараттан шығарылды, олардың өздігінен тыныс алады, екі науқас аппаратта жатыр.
Бұрын хабарланғандай, дүйсені күні Сән және дизайн колледжі ғимаратында бастауыш әскери дайындық сабағында граната жарылған. Төтенше жағдай салдарынан студенттердің бірі қайтыс болған, он екі адам жарақат алып ауруханаға түскен. Бес адамға ота жасалды. Қалған жетеуі Травматология, нейрохирургия және хирургия бөлімшелерінде жатыр.