Колледждер мен университеттер жаңартылады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Колледждер мен университеттер жаңартылады

Колледждер мен университеттер жаңартылады

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасын іске асыру арқылы жүз кәсіп бойынша білім беретін 200 оқу орны жаңартылатынын айтты.

  • 26 Наурыз 2019
  • 21
Фото - Caravan.kz

«Жол картасында «Жас маман» жобасына деген сұраныс бар. 100 кәсіп бойынша 200 оқу орны, соның ішінде 180 колледж, 20 ЖОО-ны жаңартуға 57 млрд теңгеден астам қаражат көзделген. Білім және ғылым министрлігіне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, әкімдіктермен бірге осы жобаға қатысатын оқу орындарын, кәсіптер тізбесін айқындау қажет», — деп айтты ҚР Премьер-министрі сейсенбідегі Үкімет отырысында.



Үкімет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрілгіне тиісті мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірге Жол картасын сапалы іске асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. Үкімет отырысының соңында қаулы жобасы қабылданды.