«Компьютерге телміреді де отырады»: Асхат Аймағамбетов денсаулық министрі Ажар Ғинаятты әбден састырды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 «Компьютерге телміреді де отырады»: Асхат Аймағамбетов денсаулық министрі Ажар Ғинаятты әбден састырды (ВИДЕО)

«Компьютерге телміреді де отырады»: Асхат Аймағамбетов денсаулық министрі Ажар Ғинаятты әбден састырды (ВИДЕО)

Мәжіліс депутаты, бұрынғы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов денсаулық министріне дәрігерлердің қағазбастылығы жайлы сөз қозғап, Ажар Ғиниятты әбден састырды, деп хабарлайды Caravan.kz.

  • 21 Сәуiр 2023
  • 165
Фото - Caravan.kz

Мәжіліс отырысында сөз алған ол денсаулық сақтау саласындағы бірқатар мәселелерді көтерді.

«Бүгінгі таңда дәрігерлер пациенттерді тексерудің орнына, компьютерлерге телміріп, түрлі ақпараттарды толтыруға мәжбүр болғандықтан тіпті науқастарды қарауға уақыты да жоқ. Бір пациентті тексеруге кететін уақыты толығымен компьютерге кетіп отыр. Сондықтан барлық құжаттаманы толтыруды медбикелерге тапсыру, штаттық санын көбейту арқылы дәрігерлердің жүктемесін азайту қажет және осындай ақпараттық жүйені қосу жұмыстарын шұғыл аяқтау керек. Қордың мәліметтеріне сәйкес, ақшаны төлеген, бірақ көрсетілмеген медициналық қызметтер өте көп. Қордың шамамен 10 пайыз жұмысын тексергенде, 52 мыңнан астам көрсетілмеген қызмет анықталды. Ал егер 100 пайызын тексерсек, онда 500 мың бола ма, қалай болады? Себептері қандай деген сұрақ», — деді Асхат Аймағамбетов.