"Көп ақша табыңыз": Сауда министрі халыққа кеңес берді - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Көп ақша табыңыз": Сауда министрі халыққа кеңес берді

"Көп ақша табыңыз": Сауда министрі халыққа кеңес берді

БАҚ өкілі үкіметте өткен брифингте министрге "Қазақстандықтар қашан табысының жартысынан көбін азық-түлікке жұмсауды қояды?" деп сұрады.

  • 22 Мамыр
  • 53
Фото: ашық дереккөз

Бұл сұраққа министр көбірек ақша тауып, көбірек өнім шығару керек деп жауап берді.

«Мұнда жақсы мақал бар: көп шығыннан қорықпаңыз, аз кірістерден қорқыңыз. Сіз көп ақша табуыңыз керек, көп өндіруіңіз керек. Ал азық-түлік себеті мен халық тұтынатын тауарларға келетін болсақ, олардың бағасы құбылмалы.

Өзімізді тауармен қамтамасыз ететін жерде, бәсекелестіктің деңгейі жоғары жәна нарықтық деңгейде болады. Сондықтан болжам жасай алмаймыз. Сізге 1,5 жылдан кейін 54 тауар позицияның қалай өзгеретінін айла алмаймын. Адам өз қажеттілігін толық қанағаттандыра алатын жағдайда әртүрлі себет пен есептеу бар. Мұндай мәселеде кірісті арттыру үшін өндірісті ұлғайту керек», — деді Шаққалиев брифингте.

Соңғы жаңалықтар