Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Дереккөз мәліметінше, жаңа үш аурухананы Ташкентте салу жоспарланып отыр, сондай-ақ, Өзбекстанның басқа облыстарында да ауруханалар салынатыны айтылады.
Жергілікті телеарналар алғашқы аурухананың бірі Юкоричирск ауданында, ал екіншісі Зангиан ауданында салынатынын хабарлайды.
Өзбекстанның құрылыс істері министрі Батыр Зәкіровтің айтуынша, президенттің тапсырмасы бойынша елде тез арада ауруханалар салу жоспарланды.
Соңғы мәліметтер бойынша, Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 65 адамға жетті.