Красный Ярдағы жаңа мектепті салып жатқан құрылысшылар жалақы ала алмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Красный Ярдағы жаңа мектепті салып жатқан құрылысшылар жалақы ала алмай жүр

Красный Ярдағы жаңа мектепті салып жатқан құрылысшылар жалақы ала алмай жүр

Ақмола облысындағы Красный Яр кентінде қазақ мектебінің құрылысы тоқтап қалды. Нысан биыл тапсырылуы тиіс болған. Алайда айлап жалақы алмаған құрылысшылар жұмысқа шығудан бас тартып отыр. Мемлекеттен бөлінген бақандай 700 млн. теңге мектеп құрылысына да, жұмысшылардың еңбекақысына да жетпеген сыңайлы.

  • 31 Наурыз 2015
  • 311
Фото - Caravan.kz

700 миллион теңгеге бағаланған мектеп құрылысы 2012 жылы басталған. Жоспар бойынша нысан 1жылда салынып, пайдалануға берілуі тиіс еді. Алайда, 3 жылға жуықтаса да құрылыс аяқталар емес. 1 айдан бері жұмыс мүлдем тоқтап тұр. Өйткені, 3 айдан бері құрылысшылары жалақы алмаған.

Абзал Мұшанбеков, құрылысшы:

-Жалақы бермей жатыр.Қаңтардан бастап жалақы алған жоқпыз. Наурызға, мейрамға деп аванс та берген жоқ. Осы тұрған жігіттердің бала-шағасы бар. Отбасы бар. Ақша беруін талап етеміз!

Ал құрылысшыларына айлық бермей сандалтқан басшылардың арыны қатты. Қызметкерлерін журналистермен бірге қуып шықты.  Жұмысшылар енді маңдай тер ақыларын кімнен дауларын білмей дал.

Талғат Қазымов, құрылысшы:

-Келісім-шартта жаздық қанша істейсің сонша ақша береміз деді. Аванс, аванс, аванс. Соңында дәнеңе жоқ. Олай болуға тиіс емес қой, оның үстіне меммлекттік мектеп. Бізге ертең, ертең, күнде ертең.

Күнде ертеңмен шаршаған құрылысшылар жұмысты мүлдем тоқтатқан. Оның үстіне ақысы төленбегендіктен ғимарат электр қуатынан ажыратылыпты. Компания басшылары мен тапсырыс беруші әкімдік енді бір-бірін кінәлап жатыр.


Нұргүл Омарова, құрылыс компаниясының инженері:

-Тапсырыс берушіге барыңдар. Егер бюджетте ақша болмаса, қаржыландыру болмаса біздің кінәміз қанша?

Асхат Омаров, Көкшетау қалалық құрылыс бөлімінің сектор басшысы:

-Мұнда кінә енді мердігердің кінәсі. Олар жұмысшылардың ақшаларын кезінде төлемей содан осындай жағдай туып отыр. Тапсырушы  барлық ақшасын төлеп беріп қойғанбыз. Бізде тек 5 пайыз қалды. Ол 5 пайыз мемлекеттік актке қол қойылған кезде,сол кезде ғана бұл ақшаны төлей аламыз.

Бақандай 700 млн. теңгені жеткізе алмаған мердігер қазір жұмысшылармен есептесетін ақша іздеп жанталасып жатыр. Ал нысанды құзырлы органдар тексермек.