«Кселге» 1 млн. теңгедей айыппұл салынды
![]() |
"Кселл" АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылды. |
«Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық сотының 2015 жылдың 28 шілдесіндегі №3-184/2015 қаулысымен "Кселл" АҚ 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 991 000 теңгеге Mini-Link радиоэлектрондық құралын тәркілеумен Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 463 бабы 2 тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл салынды», делінген Қазақстан қор биржасының (KASE) хабарламасында.
Аталмыш қаулы 2015 жылдың 08 қыркүйегінен бастап күшіне енді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін