Жарияланды: 580

КТК "CNPC-Ақтөбемұнайгаз" ААҚ-мен мұнай тасымалы жөніндегі келісімге қол қойды

Бүгін, 27-маусымда Каспий құбыр жүйесі Консорциумы Мәскеуде "CNPC-Ақтөбемұнайгаз" ААҚ-мен мұнай тасымалы жөніндегі келісімге қол қойып, көмірсутегі шикізатын тасымалдай бастады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Мәскеудегі КТК баспасөз қызметінен хабарлады.

"CNPC-Ақтөбемұнайгаз" - Каспий құбыр жүйесі Консорциумының акционері болып табылатын Қазақстан Республикасы үкіметімен аффилиирлік байланыстағы жүк жіберуші саналады. 2003-жылдың мамырында құбыр жүйесіне Қазақстандағы Әлібекмола және Мартыши кеніштерінің мұнайы жіберіле бастады. Бұл шикізатты жіберушілер - "Қазақойл-Ақтөбе" ЖШС мен ""ҚазақМұнайГаз" Сауда Үйі" ЖАҚ болып табылады. Бұл компаниялар Каспий құбыр жүйесі Консорциумының акционері болып табылатын Қазақcтан Пайплайн Венчерз ЛЛС компаниясымен аффилиирлік байланыста. "Қазақойл-Ақтөбе" ЖШС-нің 65 мың тонна көлеміндегі алғашқы мұнай партиясы Новороссийск маңындағы КТК Теңіз терминалынан жөнелтіліп үлгерді. КТК сондай-ақ, "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В." компаниясымен де мұнай тасымалы жөніндегі келісімге қол қойды. КТК-ның бірқатар акционерлерімен аффилиирлік байланыстағы жүк жіберуші болып табылатын бұл компания Қазақстандағы Қарашығанақ газ конденсаты кенішінен шығарылған көмірсутегі шикізатымен қамтамасыз етеді. Қарашығанақтан шығарылған көмірсутегі шикізаты Каспий құбыр жүйесіне алдағы екі айда жеткізіледі деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть