КТК тілшісі Ярослав Красиенко тағы үздік атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КТК тілшісі Ярослав Красиенко тағы үздік атанды

КТК тілшісі Ярослав Красиенко тағы үздік атанды

КТК қоржыны тағы бір жүлдемен толықты. Әріптесіміз, танымал тележурналист, Ярослав Красиенко республикалық «Шаңырақ» байқауында тағы үздік шықты.

  • 29 Қараша 2014
  • 327
Фото - Caravan.kz

-Бұл адамның есімін атауды мен  құрмет деп білем.  Ол  өз елінің патриоты, өз ісінің шебері  Ярослав Красиенко.

Журналистер арасында өткен патриоттық шығармалар байқауында  әріптесіміздің «Өте нәзік қызыл жолақ» атты фильмі де бақ сынаған болатын.  Онда мемлекеттік шекарамыздың қалай сызылғаны, қазақтың шұрайлы жерін  сақтап қалу үшін кімдермен ауыр келісімдердің жүргені және шекара шебіндегі қарулы күзеттің қыр-сыры жан-жақты баяндалады. Сондай-ақ, деректі фильмде президенттің эксклюзивті сұхбаты да бар. Айта кету керек, Ярослав Красиенко Елбасының өмірі жайындағы «Назарбав лайф» фильмінің де авторы. Сондай-ақ, қазір әріптесіміз президенттің қатысумен кезекті  деректі фильм әзірлеп  жатыр. Ал «Өте нәзік қызыл жолақ» фильмі  Қазақстанда ғана емес, шетелдегі қандастарымыздың да көңілінен шығыпты.


Ярослав Красиенко, «Өте нәзік қызыл жолақ» фильмінің авторы:

-Жақында Қытайға іс-сапармен бардық. Осы  елде жүрген отандастармыз да  мемлекеттік шекарамыз жайындағы деректі фильмді көріпті. Елге, жерге деген патриоттық сезіміміз  нығая түсті деп, жылы лебіздерін білдіруде. Меніңше, дәл осындай көрермен бағасынан артық марапат жоқ.