Жақында ғана көрермен көзінен таса болған Мөлдір Әуелбекова "Гәкку" арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Caravan.kz.
“МС Сайлаубектің шашы бар, ал менің күйеуім тақырбас. Бұған дейін бір бағдарламада күйеуімнің MR Proper-ге ұқсайтынын айтқан едік қой. Тек бір айырмашылық бар. Ол – блондин, ал менікі – брюнет. МС Сайлаубек кепкамен жүреді. Жалпы көпшілік мені «шалға тиді» деген болатын. Сондықтан, менің күйеуім – шал, ал Сайлаубек әлі жас жігіт қой”, – деп мәлімдеді Мөлдір.