«Куляб-Мәскеу» пойызынан қомақты мөлшерде героин тәркіленді
Аса көп мөлшерде есірткі тасымалдады деген күдікпен «Куляб-Мәскеу» жолаушылар пойызының үш жолаушысы ұсталды. Бұл туралы сейсенбі күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады. |
«4-шілдеде «Батыс» аймақтық басқармасының шекарашылары Куляб-Мәскеу бағытына қатынайтын пойыздан аса ірі көлемде есірткі тапты. Вагондардың бірінің тамбурына пакеттер мен 4 пластик бөтелкеге 2,7 келі героин жасырылған болып шықты», - делінген хабарламада.
Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін