"Блогер қыздар қатын болмайды": көпке топырақ шашқан имамға блогер жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Блогер қыздар қатын болмайды": көпке топырақ шашқан имамға блогер жауап берді

"Блогер қыздар қатын болмайды": көпке топырақ шашқан имамға блогер жауап берді

Блогер қыздардың намысына тиген имамның уағызы халықтың ашуына тиді.

  • 27 Мамыр
  • 13031
Фото: caravan.kz

Блогер Ырысбала Икрамбай блогер қыздар қатын болмайды, олар интернетте еркектердің ойын бұзады деп айтқан имамға жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Имамның айтуынша сұлулығын интернетте паш еткен қыздар олар қатын боп жарытпайды, оларға түріне қарап үйленсеңдер, өмір бойы қызғанып өтесіңдер. Он мың жазылушысы бар қыздар өзін көрсету үшін бәріне барады. Тіпті хиджаб киіп алса да, сұлулығын бүкіл елге көрсетіп, интернетке шығып жүрген қыздардардың бұл қылығы дұрыс емес. Оларға ер адамдар қарап, ойлары бұзылады деген.

Ал оған жауап берген блогер Ырысбала Икрамбай, есектің де еркегі бар айналайындар, уағыздарың қатынның етегінен аспай қойды ғой. Екі көздеріңе, екі бұттарыңның арасындағыға саналы түрде ие болыңдар деп қатты қатты айтып имамды орнына қойды.

«Көпке топырақ шашу деген бар. Отырып алып болмайтын әңгімені айтуды түсінбеймін. Уағыз айтқанда да, Абай атамыз айтқандай «тілге жеңіл, жүрекке жылы» тиюі керек. Мен он мың емес, екі жүз мың жазылушысы бар блогер болып тұрмысқа шықтым. Үш балам бар. Бір шаңырақтың түтінін түтетіп отырмын. Блогерлікті де жасап, ешкімнің ала жібін аттамай, күнімізді көріп, жақсы әйел болып та жүрміз. Он бәленің тоғызы тілден демекші, көпке топырақ шашу дұрыс емес.

Біз қазақ үш жүзге бөліндік, қырық рулы қазақпыз деп қырық руға бөліндік. Орамал тағатындар мен намазхандар деп бөліндік. Енді имамдар мен блогерлер деп бөлінетін болдық па? Ол сөздеріңді қалай айтып отырсыңдар? Адамның тағдыры маңдайына туыла сала жазылып қойса да, блогер қыздардың қандай әйел болатынын қайдан білесіздер? Ол қатын болмайды деп қандай сенімділікпен айтып отырсыздар?

Қыздардардың барлығын тыйып болған шығарсыңдар? Еркекпен бірге өмір сүріп жатырмыз деп, қыздарымызды үйге тығып болдық. Қырық үйден тыю, анадан тыю, мынадан тыю деп болдық. Орамалды да тақтық. Орап біттіңдер қыздарды. Ол заман өтті. Енді қыздарға дұрыс білім беретін заман келді. Дұрыс таңдау жасауды, өзін қорғануды үйрететін уақыт келді. Блогерлердің барлығына топырақ шашуды қойыңдар», — деді блогер.