Лаңкестер тобы Пәкістандағы университетті басып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лаңкестер тобы Пәкістандағы университетті басып алды

Лаңкестер тобы Пәкістандағы университетті басып алды

Қарулы содырлар тобы Пәкістандағы университетті басып алды. Лаңкестер жоғары оқу орнының ғимаратына кіріп, студенттерге оқ жаудырған және бірнеше жарылыс ұйымдастырған. Ақпарат көздері көптеген адамдар қаза тапты деп хабарлады.

  • 20 Қаңтар 2016
  • 359
Фото - Caravan.kz

Бача Хан университетіне 3-8 содыр шабуыл жасаған, деп хабарлады пәкістандық Dawn басылымы. Қарулы топ университеттің кіре берісінде күзетшілерді жаралап, ғимаратты басып алған. Онда 600-ден астам адам болуы мүмкін, деп жазады Geo Urdu басылымы.

Университеттен қашқан студент лаңкестер оның көзінше 60 адамды басынан атып өлтіргенін хабарлады. 

Оқиға орнына жедел жәрдем мен арнайы қызмет жасағы келді. Олар студенттерді қауіпсіз жерге шығаруға әрекеттеніп жатыр. Лаңкестерді қарусыздандыру үшін әскерилер де оқиға орнына тартылды. Бір сағаттан кейін олар шабуыл жасаған екі лаңкестің көзін жойды.