"Лимузин де, ақша жинау да болмайды" - Алматыда үстінен шағым түскен мектептің өкілдері
![]() |
Алматыдағы №156 мектептің өкілдері мектеп бітіру кешіне ақша жиналып жатыр деген мәліметке қатысты пікір білдірді. |
Бұл туралы Tengrinews.kz медиа-порталы хабарлады.
Мұның алдында ата-аналардың бірі бұл мектепте 100 мың теңгеден ақша жиналып жатыр деп шағымданған еді. "Алматының Алатау ауданындағы №156 орта мектептің әкімшілігі білім басқармасына 2018 жылдың 2 сәуірінде келіп түскен шағым бойынша келесіні хбарлайды: шағымда айтылған деректер расталмады. Себебі жыл сайын "Ақшалай қаражат жинауға тыйым" туралы бұйрығының негізінде мектеп директоры түрлі қажеттіліктерге мектепте ақша жинауға болмайтыны жайлы бұйрық береді", - деп хабарлады мектеп директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Манар Темірғалиева. "Шағым түскеннен кейін мектеп әкімшілігі бітіруші сыныптарда оқитын оқушылардың ата-аналарымен қайта әңгіме жүргізілді. Жеке әңгімелесу шараларының барысында лимузин жалдауға, "Диана" мейрамханасында шара ұйымдастыруға ақша жинау дерегі расталмады", - деді мектептегілер. Сондай-ақ, мектептегілер мектеппен қоштасу кештерінің "болмағанын және өтпейтінін" айтып сендірді. "Мектеппен қоштасу кеші өтпейді, бақылауда ұстаймыз. Виньеткалар да, лимузиндер де болмайды", - деп сендірді Манар Темірғалиева.
Оқи отырыңыз:
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін