Жарияланды: 350

Ливан үкімет басшысы елімізге ресми сапармен келеді

27-28-тамызда Ливан Республикасының үкімет басшысы Рафик Аль-Харири ресми сапармен елімізге келгелі отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

ҚР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, 27-тамызда Астанада Рафик Аль-Харири ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовпен келіссөз жүргізеді. Ал 28-тамызда Алматыға келетін Ливан үкімет басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен және ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбаймен кездеседі деп күтілуде. Сондай-ақ, ресми сапар аясында Ливан үкімет басшысы еліміздің кәсіпкерлер өкілдерімен жүздесіп, Шымбұлақ тау шаңғысы базасы мен Медеуді аралайды деп жоспарланған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін