Ливанда жарақат алғандар саны 2500 адамнан асты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ливанда жарақат алғандар саны 2500 адамнан асты

Ливанда жарақат алғандар саны 2500 адамнан асты

Ливан астанасы Бейрут қаласында болған жойқын жарылыс салдарынан кемінде 27 адам көз жұмып, жарақат алғандар саны 2500-ден асты.

  • 5 Тамыз 2020
  • 98
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің Ливан денсаулық сақтау министрі сөзіне сілтеме жасай отырып хабарлауына қарағанда, Бейрут қаласындағы жарылыстан кемінде 27 адам көз жұмып, жарақат алғандар саны 2500-ден асқан.

Қазіргі кезде ауруханалар жаралыларға толып, көптеген ғимарат бұзылған.

Ливанда жарылыс болып, Қазақстанның дипломатиялық миссиясы ғимаратына зиян келді

Еске салсақ, Ливандағы қазақстандық дипломаттардың ақпараты бойынша, ағымдағы жылғы 4 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында Бейруттағы теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болды. Жақын маңда орналасқан үйлерде, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттарда терезелері шағылды.

Жергілікті биліктің алдын-ала ақпараты бойынша, теңіз портында пиротехникасы бар кеме жарылған. Жарылыс салдарынан Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының ғимаратына зиян келді. Бейруттағы жарылыстан Қазақстан консулы жарақат алды.


Соңғы жаңалықтар