Ливия жағалауында 500 адам тиелген екі қайық суға батып кетті
![]() |
Ливия жағалауында құтқарушылар тобы аударылып қалған екі қайықтағы 500-ге жуық мигрантты құтқару жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлады «ВВС» агенттігі. |
Жергілікті биліктің хабарлауынша, 20 адам судан аман шықты. 100-ге жуық адам табылған жоқ. Болжам бойынша олар, қайықтан шығып үлгермей қалған.
Биыл жыл басынан бері Ливиядан қашып, Италияға қайықпен жүзіп өтпек болған 2 мыңға жуық адам теңізге батып кетті.
Осы аптада Австрия билігі Венгриямен арадағы шекарадан 20 мигранттың мүрдесін тапты. Тек, өткен айдың ішінде Еуро одақ шекарасын 107 500 адам кесіп өткен.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін