Жарияланды: 290

Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бағасы өсті

Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша бір трой унциясының бағасы $1506 болды.

Жұмадағы кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны $7-ге өсті. Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 1046,85(+1,74), британ фунтымен есептегенде 940,545(+3,963) болды. Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін