Жарияланды: 390

Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бағасы түсті

Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша бір трой унциясының бағасы $1534 болды.

Жұмадағы кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны $3,75-ке түсті. Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 1049,97 (-2,06), британ фунтымен есептегенде 933,828 (-5,428) болды. Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін