Лос-Анджелестегі жетекші радиостанцияның өкілдері Алматыға тәжірибе алмасу мақсатында келді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лос-Анджелестегі жетекші радиостанцияның өкілдері Алматыға тәжірибе алмасу мақсатында келді

Лос-Анджелестегі жетекші радиостанцияның өкілдері Алматыға тәжірибе алмасу мақсатында келді

20-27 наурыз аралығында ынтымақтастық және тәжірибе алмасу мақсатында «Classical KUSC» (Лос-Анджелес, АҚШ) радиостанциясының бас мамандары Бренда Барнерс (Оңтүстік Калифорния Университетінің радио  және «Classical KUSC» президенті) және Кристофер Мендез (заманауи технологиялар маманы) Алматыдағы «Classic» радиосына («Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының құрамына кіреді) келді.

  • 20 Наурыз 2015
  • 355
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясынан хабарлады.

«Бұл сапарымызда біраз қобалжыдық. Дәстүр мен мәдениетке бай — Қазақстан еліне тұңғыш рет келіп отырмыз. Алда Наурыз мейрамы аталып өтпекші, осындай іс-шаралардың куәгері болатынымызға қуаныштымыз. Біздің сапарымызды ұйымдастырған «Classic» радиосына және Құрманғазы атындағы Консерваторияға алғысымыз шексіз», дейді «Classical KUSC» президенті Бренда Барнерс.

«Мәдениет, әсіресе классикалық музыка адамдарды, мемлекеттерді, ұрпақты өзара біріктіреді. Сондықтан да Германияның, Ұлыбританияның, Францияның және АҚШ елдерінің жетекші классикалық музыканың радиостанцияларымен әріптестігіміз үйлесімді және тиімді болуда. Лос-Анджелестен келген қонақтарға қуаныштымыз. Тәжірибе алмасу табысты болатынына сенеміз», — деп өз пікірін білдірді «Classic» Радиосының директоры Раушан Джуманиязова.

Кездесу шеңберінде «Classic» радиосының музыкалық редакторларымен, журналистерімен, дыбыс режиссерлерімен және радионың менеджментімен жұмыс консультацияларын өткізу жоспарланып отыр. Барлық кездесулер Алматы қаласындағы «Қазақстан» РТРК-да және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өтеді.

Нақтырақ айтқанда:

— 23 наурыз, Құрманғазы атындағы ҚҰК — американдық радиохабар таратудың тарихы және ерекшелігі, қоғамдық және коммерциялық радио;

— 24 наурыз, Құрманғазы атындағы ҚҰК — радио және мультимедиялық платформалар, Social Media Marketing, радиохабар таратудың экономикалық негіздері;

— 25 наурыз, Құрманғазы атындағы ҚҰК — тікелей эфирдегі жұмыс, шоу-бағдарламалар, радиодағы кері байланыс;

— 26 наурыз, «Қазақстан» РТРК — маркетингтік зерттеулер, радиоаудиторияны зерттеу нысандары және әдістері, радиодағы жарнама;


— 27 наурыз, «Қазақстан» РТРК — радиодағы заманауи классикалық музыканың ролі және т.б.

Айта кетейік, «Classic» радиосы — хабар таратуы толығымен түрлі жанрдағы және ұлттық мектептердің академиялық музыкасына негізделген бірегей радиостанция болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасының аумағындағы классикалық музыканың тұңғыш және жалғыз радиостанциясы. Радио 2011 жылдың 6 маусымынан бастап хабар тарата бастады. Қазіргі уақытта екі ірі қалада: Алматы (102,8 FM) және Астана  (102,7 FM) қалаларында хабар таратады. «Classic» радиосы әлем бойынша барлық әріптестерімен қызмет етеді. Әсіресе, Мюнхенмен («BR-klassik») және Мәскеумен («Орфей») жасалған ынтымақтастық табысты болды. Сондай-ақ, «BBC 3» (Лондон) және «Radio Classique» (Париж) радиостанцияларымен ынтымақтастық қатынас дамып келеді.

Ал «Classical KUSC» радиосы АҚШ-тағы классикалық музыканың ірі қоғамдық радиостанциясы болып табылады. KUSC негізгі міндеті классикалық музыканың  Оңтүстік Калифорния тұрғындары өмірінің ажырамас бөлшегі ретінде қамтамасыз ету болып табылады. Радиостанцияның тарихы 60 жылға жуық.  «Classical KUSC» —  Лос-Анджелес, Санта-Кларита, Палм-Спрингс, Таузенд-Оукс, Санта-Барбара, Морро Бэй қалаларында хабар таратады. Радиода «Arts Alive», «Modern times», «The Opera Show» және басқаларын қоса алғанда жиырмадан астам авторлық хабар бар. 1931 жылдан бастап «Classical KUSC» радиосынан Метрополитен Операдан қойылымдар беріледі.