М. Саакашвили сайлауда жеңіске жетті - Грузия Орталық сайлау комиссиясы - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
М. Саакашвили сайлауда жеңіске жетті - Грузия Орталық сайлау комиссиясы

М. Саакашвили сайлауда жеңіске жетті - Грузия Орталық сайлау комиссиясы

Тбилиси. 14-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Грузияда президент сайлауында Михаил Саакашвили сайлаушылардың 53,47 % дауысын жинап жеңіске жетті. Грузияның Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының ресми қорытындысын бекітті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. Грузияның Орталық сайлау комиссиясында хабарлағандай, қорытынды хаттамаға сәйкес, сайлауға елдің 3 527 964 сайлаушысынан 1 982 318 адам қатысқан. Президентті ұлықтау рәсімі 20-қаңтарда болады деп күтіліп отыр. Грузия Конституциясына сәйкес, бұл рәсім президент сайлауынан кейінгі үшінші жексенбіде болуы керек деп көрсетілген.

  • 14 Қаңтар 2008
  • 567
Фото - Caravan.kz

«Михаил Саакашвилиге 53,47 % (1 млн. 060 мың 042 сайлаушы) дауыс берген. Біріккен оппозицияның кандидаты Леван Гачечиладзе 25,69 % (509 мың 234 сайлаушы) дауыс жинаған. Бизнесмен Бадри Патаркацишвили 7,10 % (140 мың 826 сайлаушы). Грузия президенттігінен үміткер өзге кандидаттар 7 пайыздан аз дауыс жинаған. Лейбористердің көшбасшысы Шалва Нателашвили — 6,49% (128 мың 589). «Жаңа оңшылдар» партиясының кандидаты Давид Гамкрелидзе — 4,02 % (79 мың 747 сайлаушы), «Болашақ партиясының» жетекшісі Гия Майсашвили 0,77 % (15 мың 249 сайлаушы), «Имеди» партиясының жетекшісі Ирина Саришвили 0,16 % (3 мың 242 сайлаушы) дауыс жинады», — деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы. Қорытынды хаттама сайлау комиссиясының мүшелерінің көпшілік дауысымен бекітілді. Орталық сайлау комиссиясының 13 мүшесінің жетеуі қолдап дауыс берді. Орталық сайлау комиссиясының оппозициялық алты мүшесі «президент сайлауының қортындысы қолдан жасалды», — деп мәлімдеп, қорытынды хаттамаға қол қоюдан бас тартты

Қорытынды хаттама бекітілгеннен кейін Тбилисидің ортасында ауқымды қарсылық шеруі өтті. Шеруге 15 мыңнан астам адам қатысты. Акцияға қатысушылар агенттік тілшісіне мәлімдегендей, шеруге шыққандардың басты талабы сайлаушылар дауысын қайта санау және Л. Гачечиладзе мен М. Саакашвилидің қатысуымен президент сайлауының екінші турын өткізу болып табылады.

Грузиядағы кезектен тыс президент сайлауы Грузия президенті М. Саакашвилидің бастамасымен 5-қаңтар күні өткен болатын. Сайлаумен бірге Грузияның НАТО-ға мүше болу және парламент сайлауы өтетін күнді анықтау мәселелері бойынша плебисцит болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті