"Мәдениет саласына үлкен ұят болды": Әнші Бүркіттің әйелі Аиша алған марапаты үшін сынға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мәдениет саласына үлкен ұят болды": Әнші Бүркіттің әйелі Аиша алған марапаты үшін сынға қалды

"Мәдениет саласына үлкен ұят болды": Әнші Бүркіттің әйелі Аиша алған марапаты үшін сынға қалды

Отандық әнші Бүркіттің жары Аиша "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды. Бұл жайында эстрада жұлдызы Айбек Жансейітов Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

  • 23 Мамыр
  • 14120
Фото: ашық дереккөз

Бүркіт деген әншінің Аиша деген әйелі «Мәдениет саласының үздігі» дейді. Бұл туралы журналист Сәуле Әбілдаханқызы пікір білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Опымай, бізде «тау-тау-тау» деп фонограммамен қазақша үш сөз айтып, тик-ток, инстаграмда қисалаңдап билей берсең «Мәдениет саласының үздігі» атанады екенсің-ау… не дауысы жоқ… күйеуіне «подпевка, подтанцовка» жасағаннан басқа, бір әні бар ма өзі? Естіпеппін…

Өзіміз 20 жастан тек театр, кино, әдебиет, мәдениет саласын шамамыз жеткенше зерттеуге тырыстық, жүздеген мақала жаздық, ондаған, жүздеген бағдарлама түсірдік, магистратураны оқыдық, бір академиялық театрдың тарихын түгендеп магистрлік диссертация жаздық, оны ықшамдап кітап қып шығардық, сол академтеатрға жаңа ғимарат керек деп он жыл қақсап, оған қол жеткіздік.

Жүрген жерімізден тек «уволить!» деген бұйрықтан басқа ештеңеге қол жеткізбей, қолымызды бір сілтеп кете бердік.

Бес тонна бояу мен бес метр кірпік жапсырып алып, «көл-көл-көл» деп әндетіп, іш майымды бүлкілдетіп, тик-токта бөксе биін билеп жүре беруім керек еді.

Аида Балаева, мынауың Мәдениет саласына үлкен ұят болды. Аишаға қарағанда мен он есе лайықпын ғой, маған берсең, бұлай ұятқа қалмас едің. Атаққұмарлықтан немесе іштарлықтан айтып отырған жоқпын, елдегі сендер орнатқан әділетсіз жүйеге күйгендіктен айтып отырмын. Атағың болмаса, үйімді жекешелендірмейтін топас заңдарыңа ашынғандықтан айтып отырмын. Әйтпесе, маған десе аспаннан алтын орден жауса да, миығымнан күліп қойып, «құтты болсын! Жумайсыңдар ма?» деп отыра берер едім», — деді журналист.