Жарияланды: 390

Малайзияда Бангкоктағы лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен үш адам тұтқындалды

Малайзияда Бангкоктағы лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен үш адам тұтқындалды

Малайзия полициясы 20 адамның өмірін қиған 17 тамызда Бангкокта болған лаңкестік қатысты деген күдікпен тағы үш адамды тұтқындады.

Бұл туралы Ұлттық полиция басшысы Халид Әбу Бакар хабарлады, деп жазады «ТАСС». 

Оның айтуынша, ұсталғанның екеуі майлайзиялық, тағы бір адам - Пәкістан азаматы.

17 тамыздағы жарылыс салдарынан 125 адам жарақаттанған. Тайланд полициясының тергеуі барысында бес күдікті тұтқындалды. Бірі Тайланд азаматы, қалғандары Үндістан, ҚХР, Түркия азаматтары. Бұдан бұрын полиция берген нұсқалардың бірінде жарылысты Тайланд арқылы ҚХР-дан Түркияға өтетін контрабандамен айналысатын этникалық ұйғырлардың қылмыстық тобы тұруы мүмкін екендігі айтылған. Бірнеше ай бұрын корольдік билік контрабандалардың негізгі арналарын жауып, 100-ден астам осы ел өкілдерін еліне кері қайтарған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін